Қайрат Дүйсен-Парман

Қайрат Дүйсен-Парман (Қайрат Дүйсенов), ақын, сазгер, аудармашы, журналист, қоғам қайраткері. Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағының президенті әрі негізін қалаушы.

Қаламгер 1964 жылдың 7 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібел елдімекенінде дүниеге келген. Көкібел бастауыш мектебінде, Ф.Энгельс атындағы орта мектепте, Сарыағаш ауданының Фронтовое колхозындағы Ы.Алтынсарин мектебінде, кейіннен (қазіргі Сабыр Рақымов) Ф.Энгельс атындағы мектепте қайта келіп оқып, 10 жылдықты тәмамдады. Мектеп бітіргеннен кейін Шымкенттегі №30 кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, “Қорғасын” зауытында қалыпшы болып еңбек етті. 1982-1984 жылдарда әскер қатарында болып, еңбек жолын Шымкент қаласындағы айтулы зауытта қайта жалғастырды. 1985 жылы қаламгердің “Қызыл Жұлдыз” орденінің үш дүркін иегері, соғыс ардагері Құрбан Амановтың ерлігіне арнап шығарған тұңғыш өлеңі “Қорғасын” газетінде жарық көрген.

Кейіннен Шымкенттегі бірнеше зауыттың газеттеріне оның аналарға арнаған өлеңі басылады. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Журналистика факультетін тәмамдаған. Қаламгер аудандық «Ленин өсиеті» («Қазығұрт»), Шымкен қаласындағы баспаханада аудандық "Жетісай" газетінің техникалық редакторы, Шымкенттегі әл-Фараби аудандық Қазақ Тілі қоғамында методист, қалалық «Шымкент келбеті» газеті мен халықаралық “Наурыз” газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етті. Кейіннен республикалық «Ауыл», Қазақстан Жазушылар Одағының «Әдебиет айдыны» газеттерінде, «Зерде», «Дарабоз», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарында әдеби қызметкер, бөлім редакторы қызметтерін атқарады.

2003-2007 жылдары Қазақ радиосы мен «Хабар» телекомпаниясының халықаралық «KASpionet» телеарнасында редактор болып еңбек етті. Шығармалары «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Жас Алаш» («Лениншіл жас») «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Түрік әлемі» газеттері мен «Парасат», «Атажұрт», «Дарабоз» сынды көптеген республикалық басылымдарда жарық көрген. Оннан астам әндері Қазақстан Авторлары қоғамында (ҚазАҚ) тіркелген. Өлеңдері мен мақалалары, публицистикалық туындылары жиырмадан астам ұжымдық жинақтарға енген. «Туған жер ыстық бәрінен», «Серпін – Impulse», “Қалам, қалам”, “O! Pen”, “Ғұмырдария”, “Қазығұрт” деп аталатын жеке кітаптары жарық көрген.

Қайрат Әбсатұлы Қазақстан Журналистері Одағының, Қазақстан Авторлары Қоғамының мүшесі. «Бейбітшілік әлемі» ХҚТБ Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, айтулы Бірлестіктегі Халықаралық Жазушылар Одағының төрағасы (2011-2015). 2016 жылдың Ақпан айында БҰҰ «қоғам алдындағы еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталып, БҰҰ Бейбітшілік Миссиясының Елшісі – жоғарғы лауазымын иеленген, 2016 жылдан Гуманитарлық пәндер профессоры. Италиядағы Әлем Ақындары Одағының мүшесі және Тең төрағасы. Айтулы Одақтың Жоғарғы Парламендінің Мәдениет күміс медалінің иегері (2016- ...). 2019 жылдың Қаңтарынан Шілде айына шейін Әлем Ақындары Одағының қос алтын медальді Жоғарғы Парламентінің мүшесі.

Штаб-квартирасы Гана мемлекетіндегі Go Kurative Africa-GOKA – азаттық пен заманауи әдебиет өнерін өркендетуге бағытталған халықаралық ұйымның ГУМАНИЗМ БАТЫРЫ (HERO OF HUMANITY) халықаралық сыйлығымен марапатталды. Нигериядағы Дүниежүзілік Бейбітшілік Институтының “Дүниежүзілік Бейбітшілік Иконы” халықаралық сыйлығының лауреаты. «Ұйым басшысы және Гуманизм Елшісі» (Ambassador of the Humanity and Manager of the Organization) халықаралық сыйлығымен марапатталған (Қараша, 2017 жыл). 2017 жылдан Бельгиядағы Богдани Халықаралық Жазушылар Қауымдастығының мүшесі. Сапалы поэзиясы үшін “БОГДАНИ” халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (2017 жыл, Қараша. Бельгия).

216 жылы Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы алтын медалімен, 2017 жылы М.Шолохов алтын медалімен марапатталды. Қазақстанда «Экспо – 2017» аясында Алматы қаласында өткен халықаралық «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» атты І Халықаралық әдеби биеннале Дипломының иегері, Түркияда өткен КИБАТЕК халықаралық әдебиет және мәдениет фестивалінің (2017) лауреаты. ЮНЕСКО жанындағы ЛИГА ЛИРАСЫ Халықаралық Жазушылар Одағының “Поэзия шебері” эксклюзивтік халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (2018 жыл). 2017 жылдан Мексикадағы Дүниежүзілік әдебиет, тарих, өнер және мәдениет каталогы орталығының “Өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегі үшін” Сертификатының иегері әрі айтулы ұйымның Қазақстандағы өкілі.

Оман мемлекетіндегі Motivational Strips Дүниежүзілік Жазушылар Одағының мүшесі, айтулы Одақтың “Әлем Әдебиетінің елшісі” алтын белгілі халықаралық әдеби сыйлығының иегері. Айтулы Одақтың ең мәртебелі “Гәуһартасты Тауыс Алтын Қауырсыны” әлем әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты (2019). Үндістанның Амлор: Бандасындағы Заманауи Әдебиет Қоғамының MLWADLY ЖҮЛДЕСІ – 2018, – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ҮЗДІГІ БЕЛГІСІНІҢ лауреаты. Дүниежүзі Испантілді Жазушылар Одағының мүшесі әрі Амбассадор-Елшісі. Дүниежүзі Испантілді Жазушылары Одағының “Әдебиет пен Мәдениеттегі Ерен Жетістіктері үшін” Әлем Әдеби сыйлығының лауреаты. Өлеңдері ағылшын, әзербайжан, вьетнам, испан, италян, қытай, бенгал, қырғыз, серб, хинди, малай, арап т.б. тілдерге аударылған. Италия, Үндістан, Бангладеш, Түркия, Тайуан, Вьетнам, Испания, Чили, Бельгия, Жапония, Сингапур т.б. елдерде жарық көрген әлем ақындары антологиясына шығармалары еніп, көптеген елдердің халықаралық әдеби журналдары мен әдеби веб-сайттарына жарияланған.

Қайрат Дүйсен-Парман сонымен қатар «Халықаралық жазушылар одағы» баспасының директоры (2011-2018), www.temirqazyq.com (2011-2017), www.akgo.org (2014-2017) және www.wnwu.org (2017-...) сайттарының Бас редакторы. 2018 жылы “Темірқазық – Әлемнің үздік Ақыны-Жазушысы, 2017” атты онлаин-фестивалін ұйымдастырып, дүниежүзілік ақын-жазушылар антологиясын Қазақстаннан шығарды. Айтулы антологияға дүниежүзінің 25 мемлекетінен 70-ке тарта қаламгердің таңдаулы шығармалары енді.

Қайрат Әбсатұлы сонымен қатар, Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығы, Астананың 20 жылдығы құрметіне Елбасы саясатының “рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Әлем Халықтары Жазушылары Одағы мен Motivational Strips Дүниежүзілік Жазушылар Одағының бірлесіп, “Темірқазық – Әлемнің үздік Ақыны-Жазушысы, 2018” атты онлаин-фестивалін басты жетекшісі болды. Қазақ, ағылшын, испан, орыс және күллі түркі тілдерінде өткен әдеби жобаға дүниежүзінен 200-ден астам әлемге танымал авторлар қатысты.

Авторының электронды поштасы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Ұялы телефондары: +7 702 981 82 14; +7 707 981 82 14.