Жауғашар Төлебаев

Төлебаев Жауғашар Сейітұлы (19. 01. 1945, Қостанай обл., Торғай қал.) – экономис-ғалым, жазушы, публицист, аудармашы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер Торғайдағы 1864 жылы Ы.Алтынсарин салдырған ғимараттағы орта мектепті 1961жылы бітірді. 1968 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын экономика мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1968-1993 жылдары Ақтөбе, Торғай, Алматы облыстарының шаруашылықтарында бухгалтер, экономис, директор қызметтерін атқарды.

1981-84 жылдары Қазақ агроөнеркәсіп кешенінің экономика ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқып, 1985 жылы Бішкек қаласында «Жекеше қосалқы шаруашылықтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.

Экономика ғылымдарының кандидаты. 1994-2002 жылдар аралығында ҚР Қаржы министрлігінің лицензиясымен аудиторлық қызмет атқарды. 2003-2005 жылдары Мичиган университетінің (АҚШ) демография мамандығы бойынша кеңесші қызметін орындады. Жұмыс бабымен және кәсіби мамандығын көтеру мақсатында Болгария (1989), АҚШ (Миннесота штаты, 1993), Германия(1995), Франция (1996) елдерінде болды. 1990 жылдан бері Кеңес Одағы Әлеуметтанушылар ассоциациясының мүшесі. Публицистикамен айналысады.

2006 жылдан бері С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің доценті. Шығармалары: Біздің әулет және қазіргі әлеумет. Публицистикалық эссе.А., 2008; Қаржылық менеджмент. Оқу құралы,(авторлас). А., 2009; Әкімшілік үрдіс және мейірбикелік істегі менеджмент. Оқу құралы (авторлас). А., 2012; Административный процесс и менеджмент в сестринском деле. Учебное пособие (соавтор). А., 2012; Қиянатты билік. Публицистикалық эссе.А., 2013; Денсаулық сақтаудағы экономика және маркетинг. Оқу құралы (авторлас). А., 2014; Денсаулық сақтаудағы менеджмент. Оқу құралы (авторласа). А., 2014.