Серікбай Оспанов

Серікбай Оспанов, ақын, публицист, журналист, ғалым әрі аудармашы. Әлем халықтары жазушылары одағының және Қазақстан жазушылары одағының мүшесі.

1945 жылы 1 сәуірде Торғай (Қазіргі Қостанай) облысындағы Жанкелдин ауданының Шилі кеңшарында, Балдай қоныс орнында туған. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1968–1978 жж. Қазақ радиосында, республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған.

Қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Алғашқы топтама өлеңі 1967 жылы «Жер жүрегі», 1969 жылы «Жас керуен» атты ұжымдық жинақтарға енген. Бірнеше жыр жинақтарының, аударма өлеңдердің, балаларға арналған тақпақтардың авторы. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың, А.Байтұрсынов атындағы сыйлықтың лауреаты. «Жаңа ғасыр, жаңа ән» сайысының бас жүлдегері. 2001 жылы облыс әкімінің сыйлығын иеленген. Бірнеше бәйгелердің жүлдегері. 200-ден аса ән мәтіндерінің авторы. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Шығармалары: Жүрек лүпілі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Жарқын жастық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Қайнар бұлақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Қоңырау гүл. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Айгүл. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Алтын арқау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Батыр туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Тіршілік тамыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Назқоңыр. А., «Жалын», 1987; Балдай таудың баурайында. А., «Жалын», 1990; Шашу. А., «Жалын», 1992; Бесік. А., «Өнер», 1992; Қадір түні. А., «Жалын», 1995; С.Мәуленов – журналист, публицист. А., «Ғылым», 2001; Публицистика. А., «Сага», 2001; Ахмет өскен ақындық орта. А., 2004; Қараторғай. А., «Жазушы», 2004; Алтынсариннің айналасындағы адамдар. 2006; Ең жақын кім адамға?. А., «Балалар әдебиеті», 2007;

Сағындым Алматымды. Қостанай. «Шапақ», 2009. 2009 жылы «Сағындым Алматымды» ән мәтіндері («Шапақ»), 2011 жылы «Қазақ ақындарының публицистикасы» (Астана «Фолиант») монографиясы, 2012 жылы Қостанайдың «Шапақ» баспасынан «Жайсаңдар айтқан жарқын сөз» («...деген екен!»), «Арман әлем», «Ардақ әлем» (2 томдық. Өлеңдер, поэмалар), «Дүлдүл дүние-ай!», Қостанай аумақтық тарихи зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің шешімімен «Тұрсынбай батыр» (Поэмалар, толғау, өлеңдер, ән мәтіндері) 2013 жылы «Гүл арасындағы тікен» («Центрум» ЖШС) әзіл, сықақ өлеңдер жинағы, «Дүлдүл дүние-ай!» (Екінші рет басылуы) жарыққа шықты.