Байғали Есенәлиев

Есенәлиев Байғали Мақұлбекұлы, актер, драматург, киносценарийші, ақын, композитор. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Республикалық «Қазақстан авторлары қоғамы» бірлестігінің Бас директоры. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қаламгер 1980-1984 жылдары Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» факультетінде актер мамандығы бойынша білім алған.

1984-1986 жылдары Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы театрда актер болып еңбек еткен. Осы жалдарда ойнаған рольдері: -С.Шаймерденовтың «Марғау үніндегі» - Қанат бейнесі, -С.Жүнісовтың «Қос анарындағы» - Халел, -Ә.Әбішевтің «Ұлан асуындағы» - Боташ батыр, -Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілеріндегі» -Жан Исламов, -Ә.Таразидің «Аяқталмаған әніндегі» - Ерлан Тайманов. -Қ.Тұрсынқұловтың «Кәпірзадасындағы» -Сейсенбай болыс.

1986-1998 жылдары Қазақ Мемлекеттік Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрында еңбек етеді. Бұл жылдарда ойнаған рольдері: - Р.Сейтметовтың «Қалың елім-Қазағым» спектакліндегі – жас Абай, - С.Балғабаевтың «Қазақша күресіндегі» - Еркін, - Ф.Оңғарсынованың «Бақыт пен Мұңындағы» - Сері жігіт, - Ш.Мұртазаның «Қызыл жебесіндегі» - Приходько, - Ш.Мұртазаның «Сталинге хат» спектакліндегі - Уәкіл, - И.Сапарбайдың «Ауылдан келген аруындағы» - Ақын бейнесі,

- А.Сейдімбековтың «Күн астындағы Күнікейдегі - Ер Төстік, - Б.Майлиннің «Некеқиярындағы» - Мұрат. - Д.Исабековтың «Анасын аңсаған Қызындағы» - Сатанов, - С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегіндегі» - Абдолла, - Ш.Мұртазаның «Бесеудің хатындағы» - Ғабит Мүсірепов, - Ғ.Мүсірепов пен Қ.Ысқақовтың «Ұлпанындағы» - Мүсіреп, - Б.Мұхайдың «Өмірзаясындағы» - Шыңғысхан, - А.Кенжековтың «Күн шығады батады» спектакліндегі - Мағжан ақын, - С.Жүнісовтың «Жамбылдың даңғыл да тарғыл жолдарындағы» - М.Әуезов, - Ө.Боранбаевтың «Сотанайдың соңғы үйленуіндегі» - Сотанай. Қаламгердің киноматография саласында сомдаған кейіпкерлері:

- «На перевале» реж: С.Жармұхамбетов. Саламат-ролі. 1986 ж. - «Айсұлу туралы аңыз» реж: В.Чугунов. Балуан-ролі. 1986 ж. - «Жусан» реж: А.Әшімов. Дерменеші жігіт-ролі. 1986 ж. - «Выше гор» реж: Б.Омаров. Жолдасбек-ролі. 1987 ж. - «Ақын арманы» реж: Қ.Абусейітов. Кенжетай ролі. 1988 ж. - «Көшпенділер» Жаушы ролі. 2005 ж. - «Сүйінбай» реж: Е.Болысбаев.Сүйінбай-ролі. 2006 ж. - «Махамбет» реж: С.Таукелов. Барымташы-ролі. 2008 ж. - «Әурелең» реж: С.Құрманбеков. Мәдениет басқармасының-ролі. 2007 ж. - «Секер» реж: С.Құрманбеков. Той қожайыны-ролі. 2008 ж. - «Письмо из далека» реж: Б.Сейтқазиев. Сәкен- ролі. 2008 ж.

- «Шәкәрім» реж» реж: К.Дүйсебаев. Жұмағали- ролі. 2008 ж. - «Легенда нового города» реж: Б.Санитасов. Марс- ролі. 2009 ж. - «Елім-ай» реж: А.Айтуаров. Болат Қарабаев- ролі. 2009 ж. - «Мың бала» реж: А.Сатаев. Ақсүйек-ролі. 2011 ж. - «Балкон» реж: Е.Аманшаев. Әнші дос-ролі. 2011 ж. - «Көк тарландары» реж: Е.Рүстембеков. Подполковник Дулат. 2012 ж. «MG production» - «Оазис любви» реж: А.Насыбуллин. Кияс. 2012 ж. «ГРИН-ФИЛЬМ» Р.Ф. - «Сүйінбай» реж: Д.Даутов,Г.Насыров. Қатаған-ролі. 2012 ж. - «Біз балалар үйіненбіз» реж: У.Исабаев. Сот төрағасының ролі. 2012 ж. - «Испытания любовью» реж: Анна Дранская. Работадатель. 2012 г.

- «Олимпийцы» реж: Мұрат Нұғманов. Айдар Мұратович. 2013 г. Киност.«СКИФ» - «Аманат» реж: С.Нарымбетов. Ескелди Сержанов.2013 г. - «Скорая помощь» отец Бакытжана. 2013-14 г. Астана-ТелеФильм Дубляж маманы ретінде 2000-нан аса Түрік, Бразилия, Корей, Ағылшын, Орыс, т.б көптеген елдердің фильмдерін, телехикаяларын, деректі фильмдерін қазақ тілінде дыбыстаған. 1998-2001 жылдары Қазақтың Мәдениет және өнертану институтында Театр бөлімінің бастығы, 2001-2006 жылдары Қазақстан Телерадио корпорациясы Қазақ радиосы Музыкалық-көңілашар бағдарламалары редакциясының Бас редакторы қызметтерін атқарды.

Ал, 2006-2012 жылдары «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігінде атқарушы директор болып еңбк етті. Қазіргі кезде Республикалық «Қазақстан авторлары қоғамы» бірлестігінің Бас директоры. Қаламгер шығармашылығы: Ø Әнші-композитор: домбырамен, гитарамен, оркестр сүйемелімен орындаған бірнеше әндері Қазақ радиосының Алтын қорына енді. Сонымен бірге өзі жазған бірнеше әндері Н.Әлқожаева, А.Мейірбеков, Н.Өнербаев, Г.Сиқымбаева, Г.Ақүрпекова, Ж.Құжиманов, Қ.Бекішев, Ө.Айниязов, А.Әшімханова, Е.Құдайбергенов, Х.Шалабаева сынды әншілердің және «Серілер», «Сезім» топтарының орындауында халық назарына ұсынылды. Ø 2009-ж. «Мұхаммед Хайдар Дулати» атты тарихи трагедиясы Оңтүстік Қазақстандағы Ж.Шанин атындағы облыстық театры сахнасында қойылды.

Ø «Сүгір» атты ұлы күйшінің өмірі туралы жазған пьесасы 2006-ж.шыққан «Театр-өмір» атты екі томдық Қазақ драматургиясының жинағына енді. Ø Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты әңгімесінің желісімен жазған «Қанды азу» атты пьесасы 1998-ж. Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы облыстық театрында, 2003-ж. Орал облыстық театрының сахнасында қойылды. Ø «Әніме қорған болар кім!?», «Атау кере немесе тірі өлік» пьесаларының, «Сүлеймен қарақшы» атты көркемсуретті фильм сценариінің және «Мұхаммед Хайдар Дулат» атты он тоғыз бөлімнен тұратын сериялдың авторы. Ø 2010-ж. «Сиқым бабаның сыры» атты дастаны «Өнер» баспасынан жеке кітап болып басылып шықты.

Ø 2001-ж. «Адам боп өтсем, сол-арман» атты зерттеулер мен естеліктер жинағы шықты. Ø 1999-ж. «Ерке едім әні желге ұшқан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Наградалары: Ø «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» (2009-ж. 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген); Ø Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» спектакліндегі Ғ.Мүсірепов ролі үшін Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы берілді (1992-ж.); Ø Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің иегері (2010-ж.); Ø «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалі (2012-ж); Ø ОҚО. Төле би ауданының құрметті азаматы (2013-ж); Ø Қазақ киноөнеріне сіңірген еңбегі үшін «Экран шебері» медалі(2012-ж); Ø Республикалық «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің «Жылдың үздік драматургы» номинациясы бойынша жеңімпазы (2010-ж.);

Ø Алматы облысы, "Тау самалы» аумағының құрметті азаматы (2011-ж); Ø Оңтүстік Қазақстанның Ленгір қаласында өткен «Төле би өрнектері» фестивалінде «Қазығұрт» әні үшін бас бәйгеге ие болды (2007-ж.); Ø Түркістан қаласында өткен «Түркістаным-Тұраным» атты Республикалық сазгерлер байқауының лауреаты (2006-ж.); Ø Павлодар қаласында өткен Республикалық «Әнші актерлар» конкурсының лауреаты (1988-ж.); Ø Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты (1985-ж.); Қоғамдық қызметтері: Ø Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі. Ø Қазақстан Кинематографистері Одағының мүшесі. Ø Қазақстан Авторлары Қоғамы Кеңесінің хатшысы. Ø «НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық Партиясының мүшесі.