Алтай Айып

АЙЫП Алтай Нұриддинұлы, журналист, публицист, Әлем халықтары жазушылары одағының және Халықаралық жазушылар одағының мүшесі.

Қаламгер 1956 жылы ҚР Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданында дүниеге келген. 1988-1994 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқып, жоғары білім алған. Бүгінде аудандық "Өскен өңір" газетінің бас редакторы болып қызмет атқаруда. Публицистикалық эсселері республикалық, облыстық және аудандық көптеген топтамаларға енген.