Абдусаттор Нуралиев

Абдусаттор Нуралиев, журналист, публицист-жазушы, ғалым және қоғам қайраткері. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Тәжікстан Журналистер одағының мүшесі. Ұлты тәжік. Душамбе қаласында тұрады. Бүгінгі таңда Ресей-Тәжікстан славян университетінің Журналистика тарихы мен теориясы және электронды БАҚ кафедрасының профессоры. Ғалым-қаламгер 1941 жылы 22 шілдеде Өзбекстандағы Самарқан облысында дүниеге келген. 1968 жылы Алматыдағы (Қазақстан) С.М. Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы) Қаз МУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.

1968-1976 жылдары ТМУ журналистика бөлімінде аға оқытушы, 2004-2011 жылдар аралығында «Журналистерді оқыту орталығының» директоры қызметтерін атқарған. 1977-1992 жылдары РФ (СССР) Білім министрлігінің журналистика мамандығы бойынша методикалық оқыту бірлестігінің мүшесі, 2000 жылдан бері ұлттық университеттегі докторлық және кандидаттық диссертация қорғау кеңесінің мүшесі. 2009 жылдан бері РТУ жанындағы докторлық және кандидаттық диссертация қорғау кеңесінің мүшесі.

Ғалым Бүгінге дейін 12 ғылым кандидатын дайындап, 18 ғылым кандидаты мен 9 ғылым докторына бірінші оппонент болған. 2009 жылы Бішкектегі КРСУ халықаралық журналистика факультетінің құрметті профессоры атанды. А.НУРАЛИЕВ 2003 жылдан «Студенчесие вести» газетінің құрылтайшысы. 2005 жылдан қазірге шейін «Тәжікстан – Қазақстан достығы» ұйымының төрағасы. 2005-2007 жылдары Тәжікстан ЖО А.Лохути атындағы сыйлықты беру комиссиясының мүшесі. 2007 жылдан Тәжікстан ЖО Басқармасының мүшесі.

2005 жылдан «Хамрози джавонон» жастар журналы қоғамдық кеңесінің мүшесі. Ғалым-қаламгер Мәскеу, Тегеран, Киев, Алматы, Бішкек, Ташкент, Астана, Түркістан, Көкшетау, Ақтөбе қалаларында өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдардың делегаты. А.НУРАЛИЕВ жүзден астам ғылыми еңбектер мен 14 ғылыми және прозалық кітаптың авторы. Қазақ тілінде «Мерейі биік Бисарбул» атты прозалық шығармасы жарық көрген. Ғалым-қаламгер 1989 жылы «Еңбек ардагері», 1998 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2011 жылы «РФ кәсіби жоғары білім беру ісінің құрметті қызметкері», 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойы медалдарын иеленген. Мекенжайы: Таджикистан, Душанбе, Сана көшесі 3/2, үй. 51 пәтер. Тел: (992-37) 232-41-19 e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Ұялы тел: (+992) 919 02 58 08