Аль-Халел Қарпық

Аль-Халел ҚАРПЫҚ – жазушы, қоғам қайраткері, редактор әрі публицист. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі әрі бастамашысы.

Ұлты қазақ, 1951 жылы 24 ақпанда туған. Үйленген, Асқар есімді ұлы бар. Қаламгер орыс тілінде жазады. Алматы қаласының, «Мамыр»-7 шағын ауданындағы 5 үйдің 6 пәтерінде тұрады. Тел: 8-7012103104; электронды поштасы: ALHALEL @ mail. Ru. «Әл-Халел» Халықаралық ақпараттық агентінің құрушысы, республикалық «Партия» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы. Халықаралық «Әлемнің мейірімді адамы», «Әдебиеттің жарық жұлдызы», сондай-ақ басқа да халықаралық және республикалық лауазымды атақтардың иегері.

Мишель Нострадамус атындағы Франция проскопиялық академиясының академигі, саясаттану және филология профессоры, Д.А.Қонаев атындағы Университеттің құрметті профессоры. Халықаралық рейтингі жоғары саналатын «Қазақстанға және бар әлемге идеал...» атты көптомдық әдеби циклдың авторы. Айтулы көптомдыққа БҰҰ, ЮНЕСКО және Лондондағы Азияны зерттеу ағылшын орталығының басшылары жақсы баға берген.

Сонымен қатар ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Федерико Майор, Шыңғыс Айтматов, Сулейман Демирель, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері жақсы пікірлер айтқан. Әл-Халел Қарпықтың кітаптары жан-жақты кеңінен танылды. Білім Министрлігі тарапынан жоғары бағаланып, Жаңа Қазақстан және тарих пәндеріне қосымша оқу құралы ретінде пайдаланылған (бұны дәлелдейтін хаттар мен нақты құжаттар бар). Ә-Халел Қарпықтың шипагерлік қасиеті де ауыз толтырып айтарлықтай, ол жағынан алған Ерекше Жүлдесі мен емделушілер тарапынан мақтаулары мен алғыстары жетерлік.