Юсуф Эргашев

Юсуф Эргашев, ақын, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1936 жылы 15 ақпанда Өзбекстан Республикасының Самарқанд облысы, Иштихан ауданы, Каллахос ауылында дүниеге келген. 1953 жылы мектептің 7 сыныпбын аяқтап, педучелище тәмамдаған. 1957-1960 жылдары Совет Армиясы қатарында болды. 1960 -1965 жылдары Ташкент педагогика институтында оқыды. Жас кезінен өлең жырға жаны құмар қаламгер 1968 жылға дейін Өзбекстан мектептерінде мұғалім, 1996 жылға дейін Шымкент мектептерінде мұғалім болып еңбек етіп, зейнетке шыққан.

2005 жылы Қазақстанның Шымкент қаласына отбасымен көшіп келді. Оңтүстік Қазақстан облысы орталығындағы «Шымкент» әдеби бірлестігіне белсене қатысып жүріп, «Қайтар дунё» (өлеңдер жинағы), «Чимкент -- ижод гулшани», «Умр поғоналари», «Ойдан тушган одамлар», «Султон Жалолиддин», «Ривоятлар оламида», «Биз билган ва билмаган дунё» атты кітаптары жарық көрді.