Аягүл Мантаева

Аягүл Мантаева, жазушы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. А.Мантаева «Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты және «Алтын қалам» әдеби байқауының жеңімпазы. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері.

Қаламгер Мәскеудегі «Ресей Халықтар Достығы» университетінде әдебиеттану мамандығы бойынша магистратурада білім алған.