Санжар Ғұламов

Ғұламов Санжар Пархатұлы (ғұлама), ақын, аудармашы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1988 жылдың 16 мамырында киелі Түркістан қаласына қарасты Шорнақ ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Бес жасынан әріп таныған, ең алғашқы өлені 3-сыныпта «Ана» деген тақырыпта жазылған. - 2009 жылы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабының жарық көргеніне 40 жыл толуына орай өткен «Махаббат жүректерге нәр береді» атты қаламгерлер байқауының 1 орын иегері.

- 2010 жылы жарық көрген «Тылсым дүние қасиеті» атты аударма кітабының авторы. Шорнақ ауылындағы Т.Айтжанов атындағы орта мектептің түлегі. 2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің филология факультетіне оқуға түсіп, оны ағылшын – түрік тілі мамандығы бойынша бітірген. Бүгінгі таңда киелі қаламыздың Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қызметін абыроймен атқаруда. Мекен-жайы: Шорнақ ауылы, С.Сейфуллин көш.№18үй Үй тел: +772533-46-6-49 Ұялы тел: +77786613988 Жұмыс орны: Ататүрік атындағы №17 мектеп –гимназиясы.