Атитухон Режаметова

Айтутихон Режаметова, ақын, публицист. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1955 жылы 19 наурызда ОҚО Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Ауылдағы Хамза атындағы мектепте оқып, Ташкент мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. А.Режаметова 1975 жылы Қарабұлақ ауылындағы Фурқат атындағы мектепке мұғалім болып орналасады. Білім ордасында ұзақ жылдар сүбелі еңбек етіп, жоғары санатты мұғалім дәрежесіне көтерілді.

Қаламгердің мақалалары облыстық, аудандық басылымдарда ұдайы жарияланып келеді. А.Режаметова «Чашма» облыстық әдеби бірлестігінің мүшесі, «Арғұмақ» атты төсбелгінің иегелі, «Адабъет ва санъат» газетінің редколлегия мүшесі. Мектептің «Нилуфар», «Маърифат» және «Діл сөзі» газеттеріне басшылық етті. «Суй гулим, сусув гулим», «Мухаббат ғунчалари» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Қаламгер Облыстық өзбек мәдени орталығының «Қоғам жанкүйері» төсбелгісінің иегері. Отбасылы, 5 ұл-қыз тәрбиелеп отыр.