Киямжан Закиров

Киямжан Закиров, ақын. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1935 жыл 15 мамырда Төлеби ауданы, Жаңғақты ауылында дүниеге келген. Киямжан Омарұлы рта білімді Киров (Әл-Фараби) атындағы мектепте алып, 1956 жылы Ташкент Мемлекеттік шет тілдер педагогика институтына оқуға түсті. 1961 жылдың тамыз айынан бастап, институттың жолдамасымен Өзбекстан Республикасының Андижан қаласындағы орта мектепте мұғалім болып екі жыл істеді.

1962 – 1964 жылдары Совет армиясында әскери борышын өтеп, лейтенант шенін алып елге оралды. 1997 жылы отставкадағы майор «1 Мамыр» мектебінен зейнетке шықты. Әйелі Ирисхан Жаналиевамен 55 жыл бірге өмір сүріп, 11 ұл-қыз тәрбиеледі. Қазіргі уақытта 43 немеренің сүйікті атасы. К.Закиров өлең жазады. Қаламгердің «Ҳаётдан топилган жавоҳирлар» (2009), “Шеърият бўстони” (2010), “Ўтмиш зарварақлари” (2013) атты жеке поэзиялық кітаптары жарық көрген және “Шимкент – ижод гулшани” (2013) атты жинаққа енгізілді.