Марат Қаби

САРСЕМБАЕВ Марат Қабиұлы (шығармашылықтағы есімі Марат Каби) фантас-жазушы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер (26.12.1965) Ресей Федерациясындағы Омбы (Омск) қаласында туған. Әйелі екі баласы бар. 1991-ші жылы Омбы Мемлекеттік университетін тарих және қоғамтану пәні бойынша тәмамдаған. 1991-1995 жылдары Обмы облысына қарасты Горький ауданының Белсенді ауылында тарих сабағынан дәріс жүргізген.

1995-1999 жылдары Мәскеудегі Үкімет жанындағы Мәскеу кәсіпкерлер академиясында есепші-аудит мамандығы бойынша білім алған. 2000 жылдан бері Қазақстандағы Көкшетау қаласында тұрады. 2000-2015 жылдары ІІМ саласында, ӘМ-нде қызмет еткен. Қаламгер 2010 жылдан бастап әдеби шығармалар жаза бастаған: фантастика жанрында сценарий, хикаят, әңгімелер жазып келеді.

Қаламгердің «Киборг маскасы» («Маска киборга») атты хикаяты (повесть) Мәскеудегі «Спутник» баспасынан жарық көрген. «Еркін желге айналам» («Я стану свободным ветром») әңгімесі қазақстандық temirqazyq.com сайты мен Мәскеудегі «Литературная столица» журналында жарияланған. Ал, «Бала және хрусталь шар» («Мальчик и хрустальный шар») Мәскеудегі «Российская литература» журналында басылым көрген. Қаламгердің сондай-ақ, Роботтар өлмейді» («Роботы не умирают») туындысы мен «Құтқарушының құпия кілті» («Код спасителя») АҚШ-тың «AY Publishing House» баспасынан жарық көрген.