Оралбек Бекболатов

Оралбек Бекболатов, ақын, журналист, аудармашы, академик, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.

Қаламгер сонымен қатар, Халықаралық Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. ОҚО БАҚ саласы тарихында өзіндік өшпес ізі, ойып алар орны бар О.Бекболатов халықаралық "Алтын қалам" жүлдесінің екі дүркін жеңімпазы, халықаралық "Алтын қыран", "Достық", "Тарлан" ордендерінің иегері.

Қазақстанда өткен жазба ақындар мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы, отыздан астам кітаптың авторы, өнімді тәржіман, Москвадағы П. Лумумба атындағы Ұлттар достығы университетінің Құрметті академигі, медицина ғылымдарының докторы - профессор. Қажылыққа барамын жеп жиып жүрген бар қаржысын кедей-кембағалдарға таратып жіберген жомарт қаламгер өткен жылы "Құрметті қажы" атағын алды. ОҚО Кентау қаласында тұрады.