Әсел Оспан

Бақытқызы Әсел ОСПАН, ақын, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.

Қаламгер 1978 жылы 15 маусымда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылында дүниеге келген. 1995-1999 ж Абай атындағы АлМУ-дің филология факультетін бітірген. Алғашқы жырлары университет қабырғасынан бастау алып, бүгінгі таңда республикалық түрлі баспасөз беттерінде жарияланып жүр.

2017 жылы шыққан алғашқы "Ұшқан ұя" атты жыр жинағының авторы. Сондай-ақ, 2017 жылы жарық көрген Жетісу ақындарының "Тау мен өзен жырлары" атты антологиялық жыр жинағына шығармалары енген. Қазіргі уақытта ҚазМемҚызПед университетінің Ғылыми кітапханасында қызмет етеді.