Момбек Әбдәкімұлы

Момбек Әбдәкімұлы, жазушы, шежіреші, публицист. Әлем Халықтары Жазушылары Одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Әлем Халықтары Жазушылары Одағының ОҚО бас өкілі.

Қаламгер 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы , Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында туылған. Көкшетау университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген. Жазушы, шежірешінің еңбектері: "Ойсыл шежіресі" , "Сіргелі Қарабатыр шежіресі", "Сіргелі Шалдар - Бәйжігіт шежіресі", "Жаныс шежіресі", "Жаныс Оймауыт шежіресі", "Шымыр шежіресі", "Төлеңгіттер шежіресі" , "Зобалаң", "Сүлеймен қарақшы","Қараман қарақшы", "Естемес би", "Ақпан батыр", "Разборщиктің жан сыры",

 "Құбыжықтар мен алысқан адам", "Самұрық - қазақ мафиясының көсемі", "Қазақстандық наркобароннның ақыры", "О дүниеден оралғандар", «Дүрбелең», «Саңлақ» сияқты кітаптар мен хикаяттардың авторы, сондай-ақ Қаңлы, Дулат , Шанышқылы, Жалайыр, Арғын, Қоңырат, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Найман, Сіргелі, Кіші жүз тайпаларының шығу тегіне және де Оңтүстік қазақтарының өткен ғасырдағы тарихына қатысты көптеген сүбелі зерттеу мақалалар жазған.

Қаламгер Қазақстан Жазушылар және Журналситер одақтары сыйлықтарының лауреаты. Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты, І және ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы», «Білім шыңы» медальдарының, Тәуелсіз Қазақстан тарихшылар қауымдастығы «Алтын белгісінің» иегері және көптеген Алғыс хаттар мен мақтау қағаздарын алған. 2007 жылдың "Ең үздік жазушысы". 2015 жылғы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жарияланған «Алаш тарихының ақиқаты» атты жабық бәйгенің бірінші орын жүлдегері.