Молдағали Мақтан

Молдағали Мақтан, академик, публицист-жазушы, қоғам қайраткері, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.

Қаламгер 1940 жылы, 3 қаңтарда дүниеге келген. Алматыдағы Зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын тәмамдаған. Айтулы оқу орнының аспирантурасын мезгілінен бұрын үздік бітіріп, ғалым атанған. Халықаралық Мұстафа Кемал Ататүрік алтын медалінің иегері. Қаламгердің «Жерді сату – Отанды сату», «Елім қайтіп күн көрер», «Отбасы саясаты замана талабына сай ма?», «Жасай бер өмір, жасай бер!»,

«Намыссыз ұрпақ – күрессіз құрымақ...», «Тектілік табындырмай қоймас – Родовитость покоряет», «Асылдан қазақ» 2 том, «Ие бол қазақ – Казах, будь властелином своей земли», «Біз, қазақ аз-ақпыз...», «Бала – өмір гүлі», «Айға шағылған найза», «Ұлы дала ұлымын – Сын великой степи», «Жаса Алаш!» атты кітаптары жарық көрген. Жүзден астам ғылыми танымдық, мыңға тарта пәлсапалық, тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдердің авторы.