Айдаров Жомарт Әмитұлы

Айдаров Жомарт Әмитұлы, ақын-драматург, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.

Қаламгер 1957 жылы, Оңтүстік қазақстан облысы,кәзіргі Бәйдібек ауданы, "Қызылкөпір" елді мекенінде туған. Осы жердегі мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер учелищесінде оқыған. Еңбек жолын селолық мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастаған.

1986 жылдан бастап Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында декоратор,қоюшы суретші,1997 -2005 жылдар аралығында Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда суретші-көркемдеуші болып еңбең етті.

Облыс көлемінде өткен түрлі іс-шаралар мен мерекелік жобалардың сценарисі,қоюшы суретшісі болды. "Баққараның билігі" думанды-драма кітабы жарық көрген. Өлеңдері эссе,әңгімелері 1978 жылдан баспасөз беттерінде жарық көріп келеді. Театрдың ішкі дүниесін жақсы білетіндіктен,әдеби көркем шығармаларымен қатар драмалық жанрда да жемісті еңбек етіп жүр.