Хавазмат Қошқаров

Хавазмат Қошқаров, журналист, жазушы. Қазақстан жазушылары одағының және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1947 жылы 16 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам елді мекенінде дүниеге келген. 1965 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне түскен. Университетті бітірген соң үш жыл Сайрам аудандық «Мехнат байроғи» газетінде тілші болып істеген. Одан кейін мектепте мұғалім, зауытта суретші, мәдениет үйінде директор, 10 жыл облыстық телерадио комитетінде редактор болған.

Қавазмат Қошқаров 1991 жылдың тамыз айынан бері облыстық «Жанубий Козоғистон» («Дустлик байроғи») газетінде редактордың орынбасары. «Ирмоқлар тутолиганда», «Туран чечаклари», «Туәна» кітаптары өзбек тілінде, «Мүшайра» және «Тұран толқындары» жинағы қазақ тілінде шыққан.