Максим Замшев

Ресей мемлекетінің әдебиет және қоғам қайраткері Максим Адольфович Замшев бүгін (04.11.2014 жыл) Әлем халықтары жазушылары одағына мүше болып қабылданды.

Ол сонымен қатар Әлем халықтары жазушылары одағы президентінің Ресей әдебиеті жөніндегі Бас кеңесшісі (Главный консултант) қоғамдық қызметіне кірісті. Максим Замшев – ақын, "Литературная газета" газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Российский колокол» жуналының бас редакторы, Мәскеу қалалық Ресей жазушылары одағы ұйымының Бірінші хатшысы, Ресей журналистер одағының мүшесі, Интернационалды жазушылар одағы халықаралық басқармасының тең төрағасы.

1972 жылы Мәскеу қаласында туған. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін КСРО Әскері қатарында болған. Гнесиных музыкалық училищесін бітіргеннен кейін Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1999 жылы «Ностальгия по настоящему» атты тұңғыш кітабы, ал 2001 жылы «Стихотворения» деп аталатын екінші кітабы, екі жылдан соң «Время на ладони» атты үшінші өлеңдер жинағы жарық көрген. Максима Замшевтың өлеңдері «Москва», «Молодая гвардия», «Московский вестник», «Юность», «Поэзия», «Воин России», «Немига Литературная», в газетах «Завтра», «День литературы», «Московский комсомолец», «Московский литератор», «Литературная Россия» журналдарында, «Родник», «Академия поэзии», «День поэзии» альманахтарында және басқа да басылымдарда жарияланған. Қаламгер публицист және әдеби сыншы ретінде көп жазады, сонымен қатар румын және серб тілдерінен аудармалар жасайды.

2001 жылы «Русский двор» баспасынан румын ақыны Каролина Иликидің өлеңдер жинағы Максим Замшевтың аудармасында жарық көрді. Замшевтың өлеңдері фрацуз, серб және болгар тілдеріне аударылған. Максим Замшев – «Аллегро плюс» аттты роман мен әңгімелер жинағының авторы. Әңгімелері «Московский литератор», «Московский Парнас и «Антенна» (Лейпциг қ.) журналдарында жарияланған. 2002 жылы Петровск өнер академиясының корреспондент-мүшесі қатарына өтті. «Защитник Отечества», «За просветительство и благотворительность» медальдарымен марапатталған. Суворов медалімен, «Золотое перо Московии 1-й степени» дипломымен, Станиславский атындағы және «За выдающийся вклад в пропаганду русской словесности» дипломдарымен марапатталған. Николай Рубцов, Николай Гумилев, Дм. Кедрин, Александр Грибоедов атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты.