Валерий Поволяев

Валерий Дмитриевич Поволяев, жазушы, журналист, суретші. Ұлты орыс. КСРО, Ресей жазушылары одағының және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Мәскеудегі Өнер қызметкерлері орталық үйі Пресс-клубының және Ресей спорт әдебиеті Федерациясының төрағасы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері. КСРО және Ресей Федерациясының мәдениет қайраткері. Орыс географиялық қоғамының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының, Орыс ауыз әдебиеті академиясының мүшесі.

Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, Қызыл Жұлдыз ордендетірің иегері. Құрмет грамотасының т.б. сыйлықтарды алған. Қаламгер Ресей Федерациясы Хабаровскі өлкесіндегі Свободный қаласында Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында қаза болған Қызыл Әскер командирінің отбасында дүниеге келген. Воронеждегі Әскери Әуе Күштерінің арнайы мектебінде оқыған. Тула облысындағы зауытта еңбек етіп, Мәскеудегі текстильшілер институтының суретшілер факультеті мен БМКИ-де (ВГИК) білім алған. Аяқкиім бірлестігінде суретші, «Литературная газета» басылымында бөлім меңгерушісі, «Октябрь» журналында редактордың орынбасары, Ресей жазушылары одағы басқармасының хатшысы, РФ Әдебиет қорының төрағасы, «Земля и небо» және «Русский путешественник» журналдарының бас редакторы қызметтерін атқарған.

Қаламгер "Всему свое время", "Первый в списке на похищение", "Царский угодник", "Верховный правитель" (об адмирале Колчаке), "Атаман Семенов", "Охота на охотников", "Если суждено погибнуть" (2004, о генерале Каппеле), "Браслеты для крокодила" (2006, о Гумилеве), "Жизнь и смерть генерала Корнилова" (2007), "Чрезвычайные обстоятельства" (2007), "Тихая застава" (2008); "Северный крест" (2009, о генерале Миллере), "Бурсак в седле" (2010, об атамане Калмыкове), "Русская рулетка" (2010), "Оренбургский владыка" (2011, об атамане Дутове) атты романдар және Рихард Зорге жайында үш кітаптан тұратын туынды, көптеген хикаяттар мен әңгімелер жазған. Отызға тарта сыйлықтар алған "Тихая застава" кинофильм әдеби сценариының авторы. Кітаптары ағылшын, неміс, француз, араб, дат, украин, әзербайжан, қазақ және басқа да тілдерге аударылған.