Фатима Забурақызы

Фатима Забурақызы Жүнісова, ақын, жазушы, журналист, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.

Қаламгер 1965 жылы, 13 Қарашада Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Созақ орта мектебін тәмамдап, С.М.Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы) ҚазҰУ-дың журналистка факультетіне оқуға түсіп, 1989 жылы бітірген. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Республикалық «Замана» газетінде редактор болып еңбек еткен. Бүгінгі таңда «Zavur-medıa» баспа үйінің бас директоры. Республикалық «Әйел құпиясы» және «Әйел денсаулығы» газеттерінің бас редакторы әрі құрылтайшысы.

Қаламгердің өлеңдері мен прозалық шығармалары мерзімдік басылымдарда, интернет веб-сайтарында және әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып тұрады. Көптеген кітаптарға редактор болған, шығармалары бірнеше жинақтарда жарық көрген. Жуырда Алматыдағы «Тоғанай Т» баспасынан «Менің әкем ең жақсы адам» атты жеке кітабы жарық көрді.