Гүлнәр Шәмшиева

Гүлнәр Шәмшиева, ақын, сазгер, журналист, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.

Қаламгер 1958 жылы Түркістан облысы, Түркістан қаласында туған. Түркістандағы әл-Фараби атындағы мектепте оқып жүргенінде алғашқы өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық және республикалық баспасөздерде жариялана бастаған. Киров атындағы (қазіргі әл Фараби) ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдағаннан кейін Қазақ радиосының Атырау облыстық филиалында, республикалық «Ақжелкен», «Парасат» журналдарында, «Шалқар» радиосында ұзақ жылдар еңбек етті. 1994 жылы Қазақстан Жазушылар Одағына мүше боп қабылданып, сол жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды. 10 өлеңдер жинағы, 2 прозалық кітабы жарық көрген, елуге тарта танымал әндері Қазақ радиосы мен телеарналардан жиі орындалып келеді.