Бекжігіт Сердәлі

Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы журналист, композитор, ғалым, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.

Қаламгер 1960 жылы Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Үлгілі ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде журналистика, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде музыкалық білім мамандықтары бойынша білім алған. ҚР Жастар сыйлығының лауреаты. ҚР мәдениет қайраткері. Түркістан және Кентау қалаларының Құрметті азаматы. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Аймақтық Менеджмент Академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық Психологиялық ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, Аймақтық Менеджмент Академиясының Құрметті ғылым докторы.

Еңбек жолы: Еңбек жолын Кентау қалалық «Кентау шұғыласы» газетінде бастаған. Әдеби қызметкер, тілші, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1996 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Журналистика» кафедрасына қызметке шақырылады. 2003-2005 жылдар аралығында оқу процесінен қол үзбей “Филология” факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ХҚТУ Түркістан орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады. 2005-2014 жылдар аралығында “Журналистика” кафедрасының, “Орыс филологиясы және журналистика” кафедрасының меңгерушісі болды. 2014 жылдан «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының, 2017 жылдан «Қоғамдық ғылымдар және журналистика» кафедрасының профессоры. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің К14А.01.19 Диссертациялық кеңесінде 10.01.10 – журналистика мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын (PhD) қорғады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен 2006 жылы доцент (associate professor) ғылыми атағы, 2017 жылы профессор (full professor) ғылыми атағы берілді. 12 оқу құралының, 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдардың, 100-ге тарта ғылыми мақалалардың (оның ішінде 7-еуі Томсон Рейтер базасындағы мақала) авторы. Жетістіктері: «Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты» (1998); «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» (2005); «Қазақстан» РТРК АҚ республикалық ғылыми конкурсының 1-орын иегері (2007); «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008); Чуваш түрік әлемі мәдени орталығының Алғыс хаты (Чуваш Республикасы, 2008); «Қазақстанның мәдениет қайраткері» (2010); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының Алғыс хаты (2010); «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2010); Музыка саласы бойынша Васьлей Митта атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (Чуваш Республикасы, 2010); «Қазақ тілі» Мәскеу аймақтық қоғамының Алғыс хаты (2011); «Мұрагер» Мәскеу қазақ мәдени қоғамының Алғыс хаты (2011); Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2001); «Кентау қаласының Құрметті азаматы» (2011); ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы (2011); Жазушылар одағы Халықаралық қауымдастығының Алғыс хаты (Мәскеу, 2011); «Известные ученые России» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2013); «Ұлағатты устаз» республикалық конкурсының 1-орын иегері (2013); «Жыл әдіскері» республикалық конкурсының жеңімпазы (2013); Облыстық Мәслихаттың Грамотасы (2013); Еуропа ғылыми-өндірістік консорциумының «Primus Inter Pares» ордені (Ресей, 2014); «За заслуги в культуре и искусстве» медалі (Ресей, 2014); «Заслуженный работник науки и образовании» құрметті атағы (Ресей, 2014); «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиясына енгендігі туралы сертификат (2014); «Золотая кафедра России» Дипломы (2014); «Педагогикалық ізденіс» І халықаралық конкурсының 2-орын иегері (2014); "За добросовестный труд" медалі (Ресей, 2014); "Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" медалі (2014); «Педагогикалық ізденіс» ІІ халықаралық конкурсының 1-орын иегері (2015); 100 жаңа есім номинациясы бойынша «Жыл ұстазы» (2017); қала әкімінің, қызмет еткен ұжымдарының, мәдениет және өнер фестивальдерінің 200-ден астам марапат қағаздары мен Алғыс хаттары. Негізгі ғылыми еңбектері: 80-нен астам ғылыми мақалалар (оның 30-ы шетел журналдарында, 4-еуі нөлдік емес импакт-факторлы журналдарда), 3 монография (1-еуі Ресейде). Соңғы 5 жылдағы кейбір оқу құралдары мен оқу-әдістемелік еңбектері: «Баспасөз аудармасы», «Әдеби редакциялау», «Қазіргі газет жанрлары», «Мерзімді баспасөз дизайны», «Журналистика және дипломатия», «Телеоператор шеберлігі», «Камал Смайылов – публицист», «Журналист-студенттердің өндірістік тәжірибесін талдау әдістемесі», «ЖОО-да жазба жұмыстарын жазу: диплом жұмысы, курс жұмысы, реферат, жазба жұмысы», "Публицистика поэтикасы", "Әлеуметтік лингвистика", "Әлеуметтанудағы тілдік жүйе", "Әлеуметтік лингвистикалық ұғымдар мен терминдер. Қазақша-орысша түсіндірме сөздік", "Социолингвистические понятии и термины. Русско-казахский толковый словарь" т.б. Негізгі әдеби шығармалары: «Ұлт журналистикасының ұлықпаны», «Жорналшы жазбалары», «Шаттық ұялаған шаңырақ», «Әнім – әлемім», «О, махаббат!», «Ән тарихы» т.б. Негізгі музыкалық шығармалары: «Түркістаным – Тұраным», «Жас жұбайлар», «Неге, неге», «Ауыл жатыр той жасап», «Ризамын», «Текемет», «Ерке қайың», «Астанам – асқақ ән», «Қазақ жауынгері», «Келіп кет, қалқам», «Сүндет той», «Аман жүрші ауылдың адамдары», «Бесік», «Сені іздегем», «Айналайын жеңеше» т.б.