Баршын Ізбасар

Баршын Ізбасар (Кеңесбаева Гүлбаршын Ізбасарқызы), ақын, журналист, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.

Қаламгер 1980 жылы 4-ақпанда, Алматы облысы, Ұйғыр ауданында туған. 1997 жылы Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы № 115 орта мектепті тәмамдаған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсіп, Мерзімді баспасөз кафедрасында дәріс алды. 2004 жылы журналист-магистр мамандығы бойынша оқу орнын үздік бітірді. Университет қабырғасында жүріп «Жетісу» газетінде өндірістік тәжірибеден өтіп, «Бикеш», «Адам ата Хауа ана», «Көзқарас» газеттерінде әдебиқызмет атқарған.

2005-2011 жылдар аралығында Алматыдағы № 111 Гимназияда аудармашы болып еңбек етті. Өлең жазуға деген қызығушылығы 13-жастан басталған. Мақалалары мен өлеңдері республикалық баспасөз беттері мен интернет веб-сайттары мен әлеуметтік желілерде Баршын Ізбасар деген атпен жарияланып тұрады. Өлеңдері бірнеше жыр жинақтарына енген.