Бейсен Аханов

Бейсен Аханов, ақын, жазушы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі. Халықаралық жазушылар одағының мүшесі.

Өлеңді бала кезден серік еткен қаламгердің "Қалбатау қызғалдақтары", "Көңіл толқыны", "Жылдар сыры" атты өлеңдер мен поэмалар жинағы және "Батырдың ұрпақтары" атты тарихи-танымдық хикаяты жарық көрген. Асқаралы 65-ті бағындырған ақынның қаламы әлі де жүрдек, жазары мол десек артық айтқандық емес.

Олай дейтініміз, автор әлі де талмай шығармашылықпен айналысып келеді. 2015 жылдың 12 наурызында қаламгердің "Халықаралық жазушылар одағы" баспасынан "Шашу" атты жаңа жыр жинағы жарық көрді. Қаламгердің "Оралу" атты тарихи повесі мен әңгімелер жинағы баспадан шықпақ.