Майра Жағыпарова

Майра Жағыпарова, публицист, ғалым, оқытушы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, бастамашы.

Қаламгер педагогика магистрі, Алматыдағы Қазақ-Британ университетінде ұзақ жылдар дәріс берді. Бүгінде Тұран университетінің аға оқытушысы. Интернет журналистика саласы бойынша тынбай еңбек етіп, зерттеу мақалаларын жазып келеді. Араға жылдар салып жетілдіріліп бірнеше дүркін жарық көрген "Журналистика" оқу құралының авторы.