Гүлжанат Кенжалиева

Кенжалиева Гүлжанат Абатқызы, педагог-жазушы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1963 жылы 12 тамызда Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Бүгінде Қызылорда қаласындағы №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жоғары санатты мұғалімі. «Самал желпіген селеу» атты өлеңдер мен әңгімелер жинағының, әнші-ақындардың шығармашылығы жайлы «Ақын.Сазгер.Әнші» атты әдістемелік және «Сөзжұмбақтар» атты мектеп оқушыларына арналған әдістемелік жинақтарының авторы.

Толығырақ...

Атитухон Режаметова

Айтутихон Режаметова, ақын, публицист. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1955 жылы 19 наурызда ОҚО Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Ауылдағы Хамза атындағы мектепте оқып, Ташкент мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. А.Режаметова 1975 жылы Қарабұлақ ауылындағы Фурқат атындағы мектепке мұғалім болып орналасады. Білім ордасында ұзақ жылдар сүбелі еңбек етіп, жоғары санатты мұғалім дәрежесіне көтерілді.

Толығырақ...

Якуб Омероғлы

Якуб Омероғлы, прозашы, ғалым, қоғам қайраткері. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Түркиядағы Еуразия жазушылары одағының (Avrasya Yazarlar Birliği) төрағасы. Ұлты түрік. Анкара қаласында тұрады. Якуб Омероғлы Чанкырыда туып өскен. Анкарадағы Гази (Gazi Üniversitesi) университетінде білім алған. Якуб бей бүгінде Қазақстан-Түркия, сондай-ақ күллі түркі жұрты арасындағы мәдени және әдеби байланыстардың нығаюына сүбелі үлес қосып жүрген үлкен қайраткер. 

Санжар Ғұламов

Ғұламов Санжар Пархатұлы (ғұлама), ақын, аудармашы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1988 жылдың 16 мамырында киелі Түркістан қаласына қарасты Шорнақ ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Бес жасынан әріп таныған, ең алғашқы өлені 3-сыныпта «Ана» деген тақырыпта жазылған. - 2009 жылы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабының жарық көргеніне 40 жыл толуына орай өткен «Махаббат жүректерге нәр береді» атты қаламгерлер байқауының 1 орын иегері.

Толығырақ...

Якубжон Хужамбердиев

Якубжон Хужамбердиев, ақын, журналист-публицист. Өзбекстан және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі. Әлем халықтары жазушылары одағының Өзбекстандағы бас өкілі.

Я.Хужамбердиевтің ұлты Өзбек. Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында тұрады. Ол 1947 жылы 15 наурызда Жалалабад облысына қарасты Сузак селосында колхозшылар отбасында дүниеге келген. Ата-анасы ескіше сауатты кісілер болған. Әкесі махалла имамы қызметін атқарса, анасын жерлестері – «атинчы» атап кеткен.

Толығырақ...