Ақылбек Шаяхмет

ШАЯХМЕТ Ақылбек Қожаұлы, ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі. Қаламгер 1951 жылы туған. Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеген жас қаламгерді Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады.

Толығырақ...

Қайыржан Төрежанов

Төрежанов Қайыржан Рахымбайұлы, журналист, публицист, бастамашы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Республикалық "Айқын" газетінің Ақпарат бөлімінің редакторы. Мақалалары қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп тұрады. 1961 жылы 18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Үржар ауданы Қызылту ауылында дүниеге келген. Егінсу орта мектебін бітіргеннен кейін 1979-1982 жылдары Тынық мұхиты флотында әскер қатарында болды.

Толығырақ...

Байғали Есенәлиев

Есенәлиев Байғали Мақұлбекұлы, актер, драматург, киносценарийші, ақын, композитор. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Республикалық «Қазақстан авторлары қоғамы» бірлестігінің Бас директоры. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қаламгер 1980-1984 жылдары Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» факультетінде актер мамандығы бойынша білім алған.

Толығырақ...

Төрехан Қайнарбекұлы

Төрехан Қайнарбекұлы, ақын, жазушы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

ҚР Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Жамбыл облысы Талас ауданының Құрметті азаматы. Қаламгердің "Жырлайды жүрек" атты өлеңдер жинағы мен "Алыстағы ай" атты прозалық шығармалар жинағы жарық көрген. Ол негізінен асыл махаббатты аялап, көркем жырлаудың шебері.

Үмбетбай Уәйдаұлы

Уәйдаұлы Үмбетбай (Уайдин), сатирик жазушы, оқытушы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1935 жылы 10 қарашада Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Темірастау ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген (1965). 1957–1958 жж. Донбастағы Красный луч қаласында шахта құрылысшысы, 1958 жылы Шалқар аудандық газеті редакциясы жанындағы баспаханада баспашы (печатник) болған.

Толығырақ...