Айдос Әріпбаев

Әріпбаев Айдос Сапарұлы, журналист, публицист, ақын. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1993 жылы қыркүйектің 5 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Сарыағаш ауданындағы М.Мақатаев негізгі мектебіне қабылданған. 2006 жылы Шымкент қаласындағы облыстық № 1 дарынды балаларға арналған мектеп интернатқа өз білімімен түскен. 2010 – 2011 жылдың оқу үздігі атанып, «Алтын белгіні» қанжығасына байлаған. Сол жылы Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне 116 баллмен 050505 – «Журналистика» мамандығына грантқа түскен.

Толығырақ...

Бегәлі Әбдуәліұлы

Бегәлі Әбдуәліұлы, педагог жазушы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1943 жылы 15 наурызда ОҚО Бәйдібек ауданы, қазіргі Боралдай ауыл әкімдігіне қарасты Қаратас ауылында дүниеге келген. Осы аудандағы С.Ерубаев атындағы орта мектепті бітірген. Жоғары білмді педагог. Еңбек жолын осы аудандағы Қайнар сегіз жылдық мектебінде 1967 жылдан бастаған. 1968-1978 жылдары Қаратас сегіз жылдық мектебінде ұстаздық қызмет етті.

Толығырақ...

Нағашыбай Балмаханұлы

Нағашыбай Балмаханұлы, журналист, ақын, аудармашы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі. Қазақстан Журналистері одағының мүшесі.

Қаламгер 1951 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тымабұлақ ауылында дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институтының филология факультетін (орыс тілі мен әдебиеті) бітірген (1973 ж.). Аудандық баспасөзде, атқарушы және сайланбалы органдарда басшы қызметте болған. 1992 жылдан аудармашылық кәсіппен айналысады.

Толығырақ...

Олжас Сүлейменов

Сүлейменов Олжас Омарұлы, ақын, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі. Қазақстан және КСРО жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында туған. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. 1962–1971 жж. «Казахстанская правда» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, «Простор» журналының бөлім меңгерушісі, 1971–1981 жж.

Толығырақ...

Серікбай Оспанов

Серікбай Оспанов, ақын, публицист, журналист, ғалым әрі аудармашы. Әлем халықтары жазушылары одағының және Қазақстан жазушылары одағының мүшесі.

1945 жылы 1 сәуірде Торғай (Қазіргі Қостанай) облысындағы Жанкелдин ауданының Шилі кеңшарында, Балдай қоныс орнында туған. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1968–1978 жж. Қазақ радиосында, республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған.

Толығырақ...