Жауғашар Төлебаев

Төлебаев Жауғашар Сейітұлы (19. 01. 1945, Қостанай обл., Торғай қал.) – экономис-ғалым, жазушы, публицист, аудармашы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер Торғайдағы 1864 жылы Ы.Алтынсарин салдырған ғимараттағы орта мектепті 1961жылы бітірді. 1968 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын экономика мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1968-1993 жылдары Ақтөбе, Торғай, Алматы облыстарының шаруашылықтарында бухгалтер, экономис, директор қызметтерін атқарды.

Толығырақ...

Сабиржан Шамуратов

Сабиржан Шамуратов, ақын, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1945 жылы Оңтүстік-Қазақстан олысы, Сайрам ауданы, Сайрам селосында дүниеге келген. Алғашында жүргізуші, кейіннен кәсіпкерлікпен айналысқан ол, арнайы жоғары білім ала алмаса да поэзияны бала кезінен өзіне өмірлік серік етіп келеді. «Умр утмокда», «Сирли олам» атты екі жыр жинағы жарық көрген.

Толығырақ...

Нұрқалық Абдырақын

Нұрқалық Абдырақын, ғалым, жазушы, публицист, аудармашы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1976 жылы мамырдың 25 жұлдызында Өртекестің Ақдала деген жерінде дүниеге келген. ҚХР Күйтің қаласындағы Іле педагогикалық институты, ҚХР ШУАР университетінде жоғары білім алды. ҚХР Ухан педагогикалық университетінде қытай тілі мамандығы бойынша Ph докторлық оқыды. 1997 жылдан бері ұстаздық жұмыспен шұғылданып, 2004 жылдан Түркістан қаласындағы Қ.Яссауй атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінде оқытушы болды.

Толығырақ...

Майра Жағыпарова

Майра Жағыпарова, публицист, ғалым, оқытушы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, бастамашы.

Қаламгер педагогика магистрі, Алматыдағы Қазақ-Британ университетінде ұзақ жылдар дәріс берді. Бүгінде Тұран университетінің аға оқытушысы. Интернет журналистика саласы бойынша тынбай еңбек етіп, зерттеу мақалаларын жазып келеді. Араға жылдар салып жетілдіріліп бірнеше дүркін жарық көрген "Журналистика" оқу құралының авторы. 

Құдайберген Өрісбаев

Құдайберген Қашқынбайұлы Өрісбаев, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Марқұм ағамыз академик-ғалым, ақын, сазгер әрі ұстаз, Еңбекшіқазақ ауданының және Алматы облысының құрметті азаматы еді. ҚР Мәдениет саласының үздігі. Қаламгер 1937 жылы шілде айының 16-шы жұлдызында Алматы облысы, Шелек ауданындағы (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) Қызылжиде ауылында (қазіргі Сабаншы би ауылы) дүниеге келген.

Толығырақ...