Бекжігіт Сердәлі
Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы журналист, композитор, ғалым, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.
Қаламгер 1960 жылы Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Үлгілі ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде журналистика, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде музыкалық білім мамандықтары бойынша білім алған. ҚР Жастар сыйлығының лауреаты. ҚР мәдениет қайраткері. Түркістан және Кентау қалаларының Құрметті азаматы. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Аймақтық Менеджмент Академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық Психологиялық ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, Аймақтық Менеджмент Академиясының Құрметті ғылым докторы.