Валерий Поволяев

Валерий Дмитриевич Поволяев, жазушы, журналист, суретші. Ұлты орыс. КСРО, Ресей жазушылары одағының және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Мәскеудегі Өнер қызметкерлері орталық үйі Пресс-клубының және Ресей спорт әдебиеті Федерациясының төрағасы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері. КСРО және Ресей Федерациясының мәдениет қайраткері. Орыс географиялық қоғамының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының, Орыс ауыз әдебиеті академиясының мүшесі.

Толығырақ...

Ахметжан Ашири

Ахметжан Ашири, Қазақстан жазушылары одағының және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Ұйғыр әдебиетінің дарынды қайраткері бүгіннен бастап (04.11.2014 жыл) Әлем халықтары жазушылары одағы президентінің Қазақстандағы ұйғыр әдебиеті жөніндегі Бас кеңесшісі қоғамдық қызметіне кірісті. Ахметжан АШИРИ 1938 жылы 20 тамызда Алматы облысы, Шелек ауданы, Малыбай ауылында туған. Панфилов педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымизерттеу институтының аспирантурасында оқыған.

Толығырақ...

Хавазмат Қошқаров

Хавазмат Қошқаров, журналист, жазушы. Қазақстан жазушылары одағының және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1947 жылы 16 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам елді мекенінде дүниеге келген. 1965 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне түскен. Университетті бітірген соң үш жыл Сайрам аудандық «Мехнат байроғи» газетінде тілші болып істеген. Одан кейін мектепте мұғалім, зауытта суретші, мәдениет үйінде директор, 10 жыл облыстық телерадио комитетінде редактор болған.

Толығырақ...

Максим Замшев

Ресей мемлекетінің әдебиет және қоғам қайраткері Максим Адольфович Замшев бүгін (04.11.2014 жыл) Әлем халықтары жазушылары одағына мүше болып қабылданды.

Ол сонымен қатар Әлем халықтары жазушылары одағы президентінің Ресей әдебиеті жөніндегі Бас кеңесшісі (Главный консултант) қоғамдық қызметіне кірісті. Максим Замшев – ақын, "Литературная газета" газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Российский колокол» жуналының бас редакторы, Мәскеу қалалық Ресей жазушылары одағы ұйымының Бірінші хатшысы, Ресей журналистер одағының мүшесі, Интернационалды жазушылар одағы халықаралық басқармасының тең төрағасы.

Толығырақ...

Күлия Айдарбекова

Күлия Айдарбекова, журналист, жазушы. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер соңғы жылдарда Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Күлия Смайлханқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ МҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдағаннан кейін 1982-1989 жылдар аралығында «Фосфор үшін» газетінің тілшісі, «Ильич жолы», «Путь Ильича» аудандық газеттерінде бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 1989 жылдан бастап Төлеби аудандық әкімшілігінде қызмет етіп, аудандық мәдениет бөлімінің басшысына дейін жоғарылаған.

Толығырақ...