Әбен Нұрманов

Нұрманов Әбен (Әбдәлі) Алдабергенұлы экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан, ЕурАзия жазушылары одақтарының және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Қаламгер 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1956-1966 жылдары Түркістан қаласы Аль-Фараби атындағы орта мектепті бітірді. 1966-1969 жылы Түркістан индустриалды-педагогикалық техникумын бітірген. 1969-1972 жылы ДОСААФ автомектебінде мұғалімдіктен, ұжымға бастық болып істеді. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институты, экономист мамандығын алды.

Толығырақ...

Кенжеғали Қошым-Ноғай

Кенжеғали Серікбайұлы Қошым-Ноғай, ақын, сазгер, журналист, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі. Бастамашы.

Қаламгер 1961 жылы 16 қаңтарда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты «Талап» кеңшарында (қазіргі Бесарық) дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде 1988 – 1994 жылдары дәріс алды. Республикалық «Өркен – Горизонт», «Дала дидары», «Ауыл», «Жұма – таймс», «Айна плюс», «Тасжарған», «Мектеп оқушысы», «Жедел сақшы – Оперативный патруль» газеттерінде және «Қазақстан», «Парасат», «Дарабоз» журналдарында қызметтер атқарған.

Толығырақ...

Ахмет Аляз

 Ахмет АЛЯЗ (Бүкіт), журналист-публицист. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Әлем халықтары жазушылары одағы Президентінің Қазақстандағы түрік әдебиеті жөніндегі Бас кеңесшісі. Қаламгер түрік және қазақ тілінде жазады. «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері. Бұған дейін халықаралық «Қазақстан – Zaman» газетінің құрылтайшысы әрі бас директоры болып қызмет еткен. Түркияның Қахарман Мараш деген қаласында туып өскен. Мектепті сол жерде тәмамдаған. Қазақстанға 1992 жылы жоғарғы білім алу мақсатында келген.

Толығырақ...

Әкпар Мажит

Әкбар Мәжит есімді жазушы қандасымыз Қытай Халық Республикасының астанасы Пекинде тұрады.

Бүгінгі таңда "Қытай жазушылары" журналының бас редакторы қызметін атқарып жүрген дарынды қаламгер әдеби шығармаларын қытай тілінде жазады. Ол ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Абай шығармаларын қытай тіліне аударған қандасымыз күні бүгін (04.11.2014 жыл) өз жұмысын жаңадан бастаған Әлем халықтары жазушылары одағына мүше болып қабылданды. Сонымен қатар Әлем халықтары жазушылары одағы президентінің Қытай Халық Республикасындағы қытай және ұлттар әдебиеті жөніндегі Бас кеңесшісі болып тағайындалды.

Толығырақ...

Алексей Поликанин

Алексей Александрович Поликанин, журналист-публицист және баспагер. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі.

Әлем халықтары жазушылары одағының Ресей және Мәскеу қаласындағы Бас өкілі. Ұлты орыс. Ресей азаматы. 1956 жылы Владивосток қаласында туған. Мәскеудегі Ломоносов атындағы МГУ жанындағы Азия және Африка елдері институтын тәмамдаған. Тарихшы-шығыстанушы. 13 жыл Мәскеудегі халықаралық радиода (КСРО Мемлекеттік радиосы, шет тілдерінде хабар тарату) журналист болып еңбек еткен. 1998 жылдан бастап баспа кәсібімен айналысып келеді.

Толығырақ...