Данияр Әлбозым

Данияр Әлбозым, этнограф-жазушы, доктор, профессор, "Бейбітшілік әлемі" ХҚТБ Халықаралық жазушылар одағының мүшесі. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі және бастамашысы.

Қазамгер жүзден астам ғылыми мақала мен он екі оқу құралының және төрт оқулықтың, сондай-ақ 457 беттен тұратын ғылыми монографияның авторы. Академик А.И.Бараев және А.Байтұрсынов атындағы сыйлықтардың иегері. Қаламгер "Қазақ бүркітшілігінің әліппесі" және "Қазақ бүркітшілігі" атты этнографиялық кітаптардың және "Шыңғыс қаған" романының авторы.

Болат Бопайұлы

Болат Бопайұлы, этнограф-жазушы. Қытай халық республкасындағы жазушылар қоғамының және Қазақстан жазушылары одағының мүшесі. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі. Бастамашы.

1960 жылы 1 қаңтарда Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағы, Көктоғай ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Іле педагогикалық университетінің қазақ тіләдебиеті факультетін, 1998 жылы әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті мен теориясы кафедрасында аспирантураны бітірген. Үрімші қаласында ұстаздық етті, «Шыңжаң жастарөрендер баспасында» редакторлық қызмет атқарды.

Толығырақ...

Нәзікен Алпамысқызы

Нәзікен Алпамысқызы, ақын, ғалым. Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі һәм бастамашысы.

Қаламгер 1937 жылы 15 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарыбай ауылында дүниеге келген. Қарғалы орта мектебін алтын медальмен, Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін қызыл дипломмен, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде көп жылдан бойы жас мамандарды тәрбиелеумен айналысқан ұстаз – доцент, еңбек ардагері.

Толығырақ...

Болат Шарахымбай

Болат Шарахымбай, ақын, жазушы әрі журналист. Қазақстан жазышулары одағының және Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі. Бастамашы.

Қаламгер 1960 жылы 3 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті филология факультетін бітірген. Республикалық «Өркен – Горизонт», «Ана тілі»газеттерінде , «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында және «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет етті. «Әдебиет айдыны» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. Қазір Абай атындағы ҚазҰПУ-дің жанынан шығатын «Абай университеті» баспасының бас редакторы болып қызмет істейді.

Толығырақ...

Зәкір Асабаев

Зәкір Асабаев, ардагер журналист, жазушы Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі әрі бастамашысы.

Қаламгер 1937 жылы 21 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, сол кездегі «1 май» ұжымшарында туған. 1957 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін үздік дипломмен бітіріп, Ташкент облысы, Пскент ауданы, «Ленинизм» орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1958 жылы шілде айының басында Алматыға келіп, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетіне әдеби қызметкер боп орналасады.

Толығырақ...