Марал Ысқақбай

Марал Ысқақбай, жазушы, Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі әрі бастамашысы. Қазақстан авторлары қоғамының төрағасы.

Қаламгер 1938 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Сұлутөр» ауылында дүниеге келген. 1955 жылы орта мектепті бітірген соң, туған колхозында малшы, кітапханашы, құрылысшы болып істеген, Теміртаудағы Қазақстан Магниткасы құрылысына қатысқан. 1965 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, «қызыл дипломмен» үздік бітіріп шығады. 1963-71 жылдар аралығында Алматы облысының Жамбыл ауданында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, орта мектеп директоры болып істейді. Осы жылдары алғашқы туындылары «Етікші», «Көкжал» әңгімелерін, «Қырық қыз» хикаятын жазып жариялайды.

Толығырақ...

Аль-Халел Қарпық

Аль-Халел ҚАРПЫҚ – жазушы, қоғам қайраткері, редактор әрі публицист. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі әрі бастамашысы.

Ұлты қазақ, 1951 жылы 24 ақпанда туған. Үйленген, Асқар есімді ұлы бар. Қаламгер орыс тілінде жазады. Алматы қаласының, «Мамыр»-7 шағын ауданындағы 5 үйдің 6 пәтерінде тұрады. Тел: 8-7012103104; электронды поштасы: ALHALEL @ mail. Ru. «Әл-Халел» Халықаралық ақпараттық агентінің құрушысы, республикалық «Партия» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы. Халықаралық «Әлемнің мейірімді адамы», «Әдебиеттің жарық жұлдызы», сондай-ақ басқа да халықаралық және республикалық лауазымды атақтардың иегері.

Толығырақ...

Қайрат Дүйсен-Парман

Қайрат Дүйсен-Парман (Қайрат Дүйсенов), ақын, сазгер, аудармашы, журналист, қоғам қайраткері. Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағының президенті әрі негізін қалаушы.

Қаламгер 1964 жылдың 7 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібел елдімекенінде дүниеге келген. Көкібел бастауыш мектебінде, Ф.Энгельс атындағы орта мектепте, Сарыағаш ауданының Фронтовое колхозындағы Ы.Алтынсарин мектебінде, кейіннен (қазіргі Сабыр Рақымов) Ф.Энгельс атындағы мектепте қайта келіп оқып, 10 жылдықты тәмамдады. Мектеп бітіргеннен кейін Шымкенттегі №30 кәсіптік-техникалық училищеге оқуға түсіп, “Қорғасын” зауытында қалыпшы болып еңбек етті. 1982-1984 жылдарда әскер қатарында болып, еңбек жолын Шымкент қаласындағы айтулы зауытта қайта жалғастырды. 1985 жылы қаламгердің “Қызыл Жұлдыз” орденінің үш дүркін иегері, соғыс ардагері Құрбан Амановтың ерлігіне арнап шығарған тұңғыш өлеңі “Қорғасын” газетінде жарық көрген.

Толығырақ...