ӘХЖО президентінің жиі қойылатын сауалдарға айтар жауабы

1. Әлем халықтары жазушыларының одағы не үшін керек болды (ӘХЖО)?

Жазушылар одағының барлық мемлекеттерде де бар екендігі белгілі. Оның үстіне бір мемлекетті немесе ондаған мемлекеттер мен аймақтарды қамтитын әлемде Халықаралық, Аймақтық, Интернационалдық жазушылар одағы ондап саналады. Ал Әлем халықтары жазушыларының одағы – өз бетінше жалғыз одақ. ӘХЖО міндеті, басқа да жазушылар одағының міндеті сияқты, – ақын, жазушыларды, журналистерді үлкен бір шығармашылық ортаға біріктіріп, олардың жазған көркем еңбектерін – әсіресе жас қаламгерлердің туындыларын барынша кеңірек насихаттау. Екінші жағынан алып қарасақ, қаламгерлерге бәрібір араласатын, тәжірибе бөлісетін, бір-біріміздің жетістіктерімізге бірге қуана алатын, мерейлі тойларымызға және жаңа туындыларымыздың тұсаукесерлеріне қатыса алатын бір орта керек. Оған қоса әлемдік деңгейдегі құрылтайларға, конференцияларға, конгресстерге делегат болып қатысқымыз келеді емес пе. Әсіресе қандай жағдай да болмасын – қолдай алатын әрі қолдайды деп сенім арта алатын замандас-әріптестеріміздің болғаны қандай жақсы. ӘХЖО міндеті – өз мүшелерінің Қазақстанда, сонымен қатар шет елдерде де неғұрлым кеңірек насихатталуына, кітаптарының оқылуына әрі олар жөнінде көбірек білуіне көмектесу. Міне біз осы бағытта авторларымызға қолымыздан келгенше көмектесеміз.

2. ӘХЖО не бере алады?

Біріншіден, мүшелік билет пен төсбелгі. Екіншіден, әлемдік интернет сеттерінде авторларымыз бұқара көзіне тезірек түсуі үшін олардың өмірбаяны мен кітаптарының тізімін қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде wnwu.org сайтында жариялай аламыз. Жаңа кітаптарыңыз жөнінде ақпарат береміз. Мерейтой иелерін құттықтап отырамыз. Жаңа туындылардың тұсаукесерін жариялаймыз. Ғалымдар мен сыншылардың пікірлерін, рецензияларды, мақаллаларды, сұхбаттарды, жаңа кітап жөніндегі жылы пікірлерді, тағы да басқа жаңалықтарды беріп отырамыз. Одағымыздың әртүрлі жобаларына қатысуларыңызға мүмкіндік береміз. ӘХЖО міне, осы айтылған мәселелерді орындауға уәде бере алады.

ӘХЖО қай уақытта құрылды?

ӘХЖО 2014 жылдың 18 қыркүйегінен бастап іске кірісті. Бүгінгі таңда Ресей бойынша Мәскеу қаласында Бас өкіліміз бар. Сондай-ақ, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия және Қытай елдерінен Бас өкілдер тағайындау мәселесі шешілуде. Еуропа және АҚШ әдебиеті жөніндегі бас кеңесшіміз, Шығыс және Азия елдері әдебиеті жөніндегі бас кеңесшіміз тағайындалып өз жұмыстарына кірісті. Қазақстандағы өзбек әдебиеті , ұйғыр әдебиеті және Қазақстандағы түрік әдебиеті жөніндегі бас кеңесшілеріміз өз міндеттерін атқаруды бастады.

ӘХЖО-ға кімдер мүше бола алады?

ӘХЖО-ға жасы он сегізге толған, он баспа табақ (А5; 160 бет) прозалық, поэзиялық, этнографиялық, танымдық, публицистикалық немесе әдебиет саласындағы сыни кітабы жарық көрген, шығармалары өзі тұрып жатқан елдегі баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұратын, Одақ тарапынан талап етілген жарнаны толық төлеген кез келген елдің азаматы (ақын, жазушы, журналист, ғалым, драматург, киносценарийшы т.б.) толық мүше бола алады.

Жасы он сегізге толмаған қаламгер ше?

Ерте жастан әдеби шығармалар жазып, өз өлкесіне, еліне немесе халықаралық деңгейде танымал болып кеткен жасы он төртке толған қаламгер болса, ол өзінің ата-анасы, туысы, жауапты адамы (опекун) жас талапкер он сегізге толғанға дейін кепіл болған жағдайда Одағымызға толық мүше бола алады.

Мүшелік жарна қайда және қалай төленеді?

Мүшелік жарнаны Алматыдан алыста тұратын қаламгерлер ӘХЖО-ның арнайы ағымдағы есеп-шотына аударады, көрсетілген Банк қаламгер тұрып жатқан елді мекенде болмаған (ақшаны аудару қиындығы туындай қалған) жағдайда, ұйымдастырушымен хабарласу арқылы өзіне оңтайлы болатын есепшотқа аударып төлей алады. Алматыдағы қаламгерлер айтылған есепшот арқылы да қолма-қол да төлей алады. Ал, Одаққа өткісі келетін шетелдік қаламгерлерге арнайы реквизит жіберіледі.

Мүшелікке өткісі келетін талапкер Одаққа қандай құжаттар жіберуі керек?

1 Одақ президентіне арыз (алыста немесе шетелде тұратын қаламгерлер арызын сканерден өткізіп көшірмесін жіберуі керек) қолма-қол немесе электронды пошта арқылы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Куәлігінің көшірмесін (паспорт); 3. Жеке суретін; 4. Қысқаша өмірбаяны мен жарық көрген кітаптарының тізімін; 5. Akgo.org сайтына жариялағысы келетін прозалық, поэзиялық, публицистикалық шығармасының электронды нұсқасын (қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдеріндегі аударылған туындылары болса онысын да жіберуіне болады), көлемі А4 қалыбында, 14-ші шрифтпен берілгенде 30 беттен аспауы шарт; 6. Одақ ұйымдастырушыларының тарапынан ескертілген мөлшердегі жарналық мүше.