Әлем Әдебиетінің Лауреаты – 2017

Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағы 2017 жылғы марапат иелерін жариялайды

 

Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағы дүниежүзінің ақын және жазушыларын қоғамдағы жоғары жетістіктері үшін «Әлем әдебиетінің лауреаты – 2017, ӘХЖО» халықаралық ең жоғарғы әдеби сыйлықпен марапаттағанын жариялайды.

Толығырақ...

Халықаралық Әдеби Онлайн Бәйгеміз Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 Жылдығына Арналды

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағы "TEMIRQAZYQ – ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК АҚЫНЫ/ЖАЗУШЫСЫ, 2017" атты халықаралық әдеби онлайн бәйгесін өткізіп жатыр.

Бұл игі шара биылғы жылы тек ағылшын тілінде ұйымдастырылды. Онлайн Әдеби бәйгемізге Әлемнің 24 елінен 62 талапкер үздік шығармаларын ұсынды (бәрі де ӘХЖО мүшелігіне қабылданатын болады).

Толығырақ...

Абылай ханның жорық жыршысы Тәтіқара

Ақылбек Шаяхмет, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі

Сарыкөл ауданында туып-өскен уақ Тәтіқара ақын (1705–1780) Абылай ханның жорық жыршысы болғаны белгілі. Тәтіқара Сатай деген кісінің баласы екен. Сатай да атақты батыр болған. Ақсақалдардың айтуына қарағанда, оның атамекені Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарайды. Шежіреде Сатайдың әкесі Тоғайбай деген кісі деп көрсетілген. Оның тұрған жері сол Ұзынкөл ауданындағы бұрынғы Суворов кеңшары маңайы.

Жәлел Сұлтанғазыұлының шежіресіне сүйенсек, Уақтан қара қасқа атты Қамбар батыр туады.

Толығырақ...

Белорус жазушысы Светлана Алексиевич 2015 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты атанды

8 қазан күні Стокгольмде Нобель сыйлығының әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы лауреаты анықталды. Ол «Цинковые мальчики», «У войны не женское лицо» атты әйгілі публицистикалық романдардың авторы Светлана Алексиевич. Нобель комитеті қаламгердің бүгінгі таңдағы қоғамымыздағы ерлік пен қасіретті шебер бейнелейтін полифониялық шығармаларын жоғары бағалаған. Биылғы жылғы авторға берілетін Нобель сыйлығы 8 миллион швед кронын немесе 953 мың АҚШ долларын құрайды.

Толығырақ...

Жазушы өз қалауынша жазуға тиіс

Сұхбатты Қазақ әдебиеті газетінің http://qazaqadebieti.kz сайтынан көшіріп беріп отырмыз.

Сұхбат "Ақын, жазушы Максим Замшевпен Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойында танысқан едік. Ұстамды орыс ақыны сол тойда өзінің аңғарымпаз жан екенін де байқатып қалған. Екі елдің арасындағы айырмашылықтарды өзінше саралап, тым тосын шешім шығаратын қасиеті әңгімесін тыңдауға одан әрі жетелей беретін", – деп басталған екен.

Толығырақ...