Қазақтың қарапайым бір баласы
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі
(Естелік) ...
Жер шарының барша құрылығында ізі қалған, көне Қазақ елі мен жері, халқы хақында перзенттік мақтанышпен, құштарлықпен сыр шерткен шарапатты сөзі қалған Әнуар Әлімжановтың бүгінгі біздің, ертеңгі толқын-толқын ұрпақтарымыздың алдындағы азаматтық аса бір айтулы әрекеті – жазушы-сыншы-ғалымсымақтардың жалақор, пәлеқор тобынан екі жыл бойы «феодалшыл», «буржуазияшыл», «кертартпа» дегендей былапыт сөзді бейкінә көп естіген Ұстазы Мұхтар Омарханұлы Әуезовті әйгілі «үш әріптің» - КГБ-ның құрулы қақпанына түсіп қалудан сақтап, Мәскеудегі достарына жасырын аттандырып жіберген жанкештілігі! Соның өзі-ақ қазағының аузында аты ардақталып қалуға тиістігінің бір айғағы дер едім.