"Темірқазық - әлемнің үздік ақыны/жазушысы 2017" антолгиясы жарық көрді

 

Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына орайғ Рухани жаңғыру аясында Әлем Халықтары Жазушылары Одағы "Темірқазық - әлемнің үздік ақыны/жазушысы 2017" атты онлаин-бәйге ұйымдастырған болатын. Оған 25 мемлекеттен 60-тан астам қаламгер қатысып, бақ сынаған, араларында Нобель сыйлығына кандидат қаламгер де бар. Айтулы бәйгенің антологиялық жинағы жарық көрді. Бұл бүгінде дүниежүзінің 53 мемлекетінде өкілдері мен мүшелері бар еліміздегі Әлем Халықтары Жазушылары Одағының шығарып отырған тұңғыш кітабы.

Жаның жаннатта болсын, Құдайберген аға!

Әлем халықтары жазушылары одағы ұжымы ғалым, ақын әрі сазгер Құдайберген Қашқынбайұлы Өрісбаевтың қазасына байланысты, марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына, әріптес, қаламдас достарына қайғырып көңіл айтады.

Құдайберген Қашқынбайұлы Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, академик-ғалым, ақын, сазгер әрі ұстаз. Еңбекшіқазақ ауданының және Алматы облысының құрметті азаматы. ҚР Мәдениет саласының үздігі.

Қаламгер 1937 жылы шілде айының 16-шы жұлдызында Алматы облысы, Шелек ауданындағы (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) Қызылжиде ауылында (қазіргі Сабаншы би ауылы) дүниеге келген.

Толығырақ...