ӘХЖО Жарғысынан үзінді

4 БАП. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Қоғамдық бірлестік мүшелерінің құқығы: - Қоғамдық бірлестіктің басқарушы және бақылау-тексеру органдарын сайлауға және сайлануға; - Қоғамдық бірлестік өткізетін барлық іс- шараларға қатысуға; - Қоғамдық бірлестіктің жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; - Қоғамдық бірлестіктің ақпараттық және басқа да әзірлемелерін пайдалануға; - өзінің әлеуметтік құқықтарын қорғауда Қоғамдық бірлестіктің көмегін пайдалануға; - олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысатын сұрақтарды талқылау кезінде қатысуға; - Қоғамдық бірлестіктің қызметінің барлық бағыттары бойынша ақпарат алуға; - Қоғамдық бірлестіктің мүшесі құрамынан өз еркімен шығуға.

4.2. Қоғамдық бірлестіктің мүшелері міндетті: - осы Жарғының нормаларын сақтауға; - Қоғамдық бірлестіктің мақсаттарын іске асыруға белсенді жәрдемдесуге; - мүшелік және кіру жарналарын уақытында төлеуге; - Қоғамдық бірлестіктің басқарушы органдарының шешімдерін орындауға; - Қоғамдық бірлестіктің мүлкіне ұқыпты қарауға; - осы Жарғымен және қолданыстағы заңнамамен қарастырылған басқа да міндеттерді атқаруға.

7 БАП. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІККЕ МҮШЕГЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕН ШЫҒУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

7.1. Қоғамдық бірлестіктің мүшелері жеке тұлғалар - 18 жасқа толған, Қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысатын және мүшелік жарналарды төлейтін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар бола алады. 14-тен 18 жасқа дейінгі тұлғалар ата-аналарының, асыраушылардың жазбаша келісімімен ғана Қоғамдық бірлестіктің мүшелері болуға құқылы.

7.2. Құрылтайшылар автоматты түрде Қоғамдық бірлестіктің мүшелері болады, олардың бірдей құқықтары бар және бірдей міндеттер атқарады.

7.3. Қоғамдық бірлестікте мүшелік ерікті болып табылады.

7.4. Қоғамдық бірлестікке мүшелікке қабылдауды жеке тұлғаның өтінішінің негізінде Қоғамдық бірлестіктің Президенті жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктің мүшесінің мәртебесі мүшелікке қабылдау туралы Қоғамдық бірлестіктің Президентінің бұйрығы шыққаннан және кіру жарнасы төленгеннен кейін ғана иеленген болып табылады.

7.5. Қоғамдық бірлестіктің мүшелері Қоғамдық бірлестіктің Президентті белгілеген мөлшерлерде мүшелік жарналарды төлейді.

7.6. Қоғамдық бірлестіктегі мүшелік тоқтатылады: - Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің құрамынан өз қалауымен шыққан кезде; - Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің құрамынан шығарып тастаған кезде.

7.6.1. Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің құрамынан өз еркімен шыққан жағдайда Қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдаған орган жазбаша өтініш алғаннан кейін мүшелік жоғалтылған болып саналады.

7.7. Қоғамдық бірлестіктің мүшесі мынадай негіздер болған кезде оның құрамынан шығарып тасталуы мүмкін: - мүшелік жарналарды төлемеу және/немесе уақытында төлемеу; - Қоғамдық бірлестіктің беделін түсіретін әрекеттер жасау, этика және адамгершілік нормаларын бұзу; - осы Жарғының талаптарын сақтамаудың және мүше қызметінің Қоғамдық бірлестіктің Жарғылық мақсаттарына қайшы келуінің басқа да жағдайлары.

7.7.1. жеке тұлға Қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдаған орган оны шығарып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда Қоғамдық бірлестікте мүшелігін жоғалтылған болып саналады.